Duran көмекшісі

Болашақ әңгімеден басталады.

Сұрақ қойыңыз, көргеніңізді Duran-ға көрсетіңіз немесе ойыңызды дауыстап айтыңыз. Сөйлесіңіз де, тыңдаңыз.

Ісіңізді жалғастыра беріңіз. Айтсаңыз болды.

Жас мамандар мен студенттерге

Рөлден қол алмай, жауабын тыңдаңыз.

Жасы үлкен адамдарға

Шай дайындап жүріп, әңгімелесіңіз.

Әңгіме қайда апарса, сонда барыңыз.

Ойыңыздағыны айтыңыз. Идеяны талқылаңыз, қосымша сұрақ қойыңыз немесе тақырыпты өзгертіңіз. Duran тыңдап, дауыстап жауап береді.

«Демалыста не істеуге болатынын бірге ойланайықшы.»

Жаңалықты тыңдап біліңіз.

Қызықтыратын тақырыптағы соңғы жаңалықтарды сұраңыз. Duran интернеттен іздеп, маңыздысын айтып, дереккөздерді көрсетеді.

«Әлемдік экономика мен жасанды интеллектте не жаңалық бар?»

Ұмытпай тұрғанда айтыңыз.

Нені және қашан еске салу керегін айтыңыз. Duran мәліметті нақтылап, мақұлдаған соң еске салғышты сақтайды.

«Сағат алтыда таныстырылымды дайындауды еске салшы.»

Бірге зер салып қарайық.

Қолыңыздағы азық-түлікті Duran-ға көрсетіңіз. Не пісіруге болатынын сұрап, осы өнімдерге сай рецепт алыңыз.

«Осы азық-түліктен не пісіруге болады?»

Алғашқы нұсқаны дауыстап айтыңыз.

Жазбаңызды, ойыңызды немесе хабарыңызды айтыңыз. Duran сөзіңізді өңдеуге және көшіруге болатын мәтінге айналдырады.

«Сәлем! Ертеңгі кездесуге дейін таныстырылымды қайталайық.»

Ойыңыздағы суретті сөзбен салыңыз.

Елестеткен көріністі сипаттаңыз. Duran оны суретке айналдырып, сол әңгімеде көрсете алады.

«Қысқы далада бүркіт ұстаған аңшыны салшы.»
Суретті толық көру

Ойыңызда не бар?

Шақыруыңыз болса, Duran көмекшісін ашып, әңгіме бастаңыз.

Көмекшіні ашу